Жаңа жабдық-жаңа мүмкіншіліктер

 

Шілде 4, 2024

             2024 жылдың екінші тоқсанында Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың диагностикалық зертханасында жабық үлгідегі автоматты талдауыш - сobas® 5800 іске қосылды.

            Сobas® 5800 – бұл нақты уақыт режимдегі толық автоматтандырылған ПТР жүйесі. Ол толық автоматтандыру арқылы өнімділіктің артуын, қателіктер ықтималдығының төмендеуін және болжамды жұмыс уақытын қамтамасыз етеді: үлгілерді қою, беру және дайындаудан бастап күшейтуге және анықтауға, нәтижелерді есептеуге және оларды зертханалық ақпараттық жүйеге енгізуге дейін.

            Cobas® 5800 жүйесі:

 -Күніне 20-150 үлгіні;

- Зерттеудің 25 түрін;

- Бортта 15 реагентке дейін;

- Бір қойғанда 6 түрлі зерттеулерге дейін;

- 6 сағаттық ауысымда 144 нәтижеге дейін;

- 8 сағатқа дейін қызметкердің қатысуынсыз жұмыс уақытын алуға мүмкіндік береді.

            Бүгінгі таңда Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі басқа орталықтардың арасында жаңа үлгідегі аппарат қолданылатын бірінші ұйым. Диагностикалық зертхананың қызметкерлері осы жабдықта жұмыс істеу үшін техникалық оқытудан өтті.

            Жоспарланған зерттеулердің түрлері: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда вирустық жүктемені (көшірмелерді/мл) анықтау, В гепатиті вирусының ДНҚ-сын және С гепатиті вирусының ДНҚ-сын сандық анықтау.

            «Бүкіл ұйым бойынша зертхананың құндылығын арттыра отырып, денсаулық сақтау жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін қозғалтқышы болыңыз!» - деп «AUM+» ЖШС апликант жүйесін қолдану жөніндегі менеджері Т.Жетібайқызының ізгі тілектерімен оқу аяқталды.

 

 

барлық жаңалықтар »