TartynbaFest 2.0-де АИТВ-ға экспресс-тестілеу

 

Маусым 10, 2024

Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 7 маусымда Tartynba фестиваліне қатысушылар арасында АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу өткізді.

 

TartynbaFest 2.0 Орталық Азияның танымал жастар фестивалі жыныстық білім беру арқылы репродуктивті денсаулықты сақтауға арнайы өткізілді. Бүгін Алматыда 150-ден астам жастар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген мамандар жиналды. Олар жергілікті жастармен білімдерімен бөлісіп, жыныстық білім берудің күн тәртібін қалыптастырды, ол қызықты, ақпараттық және ең бастысы қол жетімді болатындығын дәлелдеді.

Қатысушылардың пікірі бойынша, осы күн тәртібінің міндетті бөлігі АИТВ-инфекциясының алдын алу болып табылады. Фестиваль аясында арнайы сессия ұйымдастырылды, онда жігіттер мен бойжеткендер АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы білімнің маңыздылығын талқылады.

          Жастар АИТВ-ға экпресс-тесттермен танысты. Оларды ЖИТС орталығының дәрігерлері «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы»Қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен бірлесіп көрсетті. Фестивальға қатысушыларды АИТВ-мәртебесін білу жылдамдылығы (ол 20 минутты құрайды), сондай-ақ, тестілеудің қарапайымдылығы таң қалдырды.

АИТВ-ға экспресс-тестілеуді тапсыру үшін кезекке тұрды. Әрбір ниет білдіруші психоәлеуметтік  кеңес алып, жеке сұрақ қоюға және медициналық қызметкерден жауап алуға мүмкіндік алды. Жастардың барлығы АИТВ жұқтыру жолдары мен одан қорғану шаралары туралы ақпараты бар парақшалар алды. Бұл білім жастар үшін өте маңызды.

Фестивальде 35 жігіт пен бойжеткен өздерінің АИТВ-мәртебесін білді.

 

барлық жаңалықтар »