Түркістанда қоғамдық көлікте дәрігерлер АИТВ  инфекциясының алдын алу туралы ақпарат беруде

 

Маусым 5, 2024

Түркістан облысы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қалалық қоғамдық көліктегі жолаушыларды АИТВ инфекциясының алдын алу ережелерімен таныстыруда.

 

Шарада  мамандар АИТВ-ның алдын алу және алдын алу шаралары туралы ақпарат береді. Қазірдің өзінде облыстың 1000-нан астам тұрғыны АИТВ-ның берілу жолдары мен өзін қорғау шараларын біледі, бұл іс –шара АИТВ туралы ақпаратты таратуға үлкен септігін тигізеді. Қала тұрғындары медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандарына ризашылықтарын білдіріп, жастар арасында аталған инфецияның алдын алу шараларын көбірек жүргізуді ұсынды.

  • Біз Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары тұрғындар арасында осындай керекті ақпаратты таратып, олардың қауіпсіздігіне алаңдағандарына рақмет айтамыз. Әр адам өз денсаулығына жауапты деп ойлаймын деді – қала тұрғыны.

Орталықтың профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиологтары тұрғындарды АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттандыратын парақшалар таратты. Өз кезегінде тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталыққа хабарласу арқылы тегін, құпия, қалаған жағдайда жасырын түрде АИТВ статусын білуге ​​болатыны айтылды. Сонымен қатар, кез келген адам Орталықтың тәжірибелі мамандарынан кеңес ала алады.

 

барлық жаңалықтар »