АИТВ-ға тексеру сапасын арттыру үшін

 

Маусым 5, 2024

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында АИТВ-ға тексеру сапасын арттырудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға облыстың медициналық ұйымдарының бас медбикелері шақырылды.

 

Күнделікті қызметте орын алатын проблемалық мәселелер, атап айтқанда, қан алу, биоматериалды тіркеу және тасымалдау кезіндегі бұзушылықтар қарастырылды. Орталық зертханасының меңгерушісі                              М.Жұматаева тәжірибеден алынған мысалдарға, оның ішінде дұрыс ресімделмегеніне, жеткізу мерзімінің кешігуіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының дәрігер-зертханашысы М.Темірғалина қатысушыларға биоматериалдарды жинау, тіркеу және тасымалдау ережелерін еске салды. Ол сенімді диагнозды анықтауда биоматериалды зертханаға уақтылы жеткізу маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар өңірдегі АИТВ-инфекциясы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырылды. Қанмен жұмыс істеу кезінде жүргізілетін алдын алу шаралары атап өтілді.

Семинар барысында АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы А.Сағатова енгізген ЗАЖ (зертханалық ақпараттық жүйе) деректер қорын толтыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланып, қателер мен орындалуға тиісті құқықтық құжаттар көрсетілді.

Аға медбикелерге және жалпы науқастың денсаулығына байланысты, олардың медициналық ұйымның жұмысын дұрыс үйлестіру қабілетіне, барлық бөлімшелердің, соның ішінде қателер мен кемшіліктерге жол берілмейтін жерде, зертхананың медициналық қызметкерлердің үйлесімділігі мен кәсібилігіне қатаң жауапкершілік пен үлкен жүктеме жүктеледі.

барлық жаңалықтар »