Медицина қызметкерлері арасында облыстық семинар

 

Маусым 4, 2024

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ және туберкулез мәселесіне байланысты білім деңгейлерін арттыру мақсатында гинекологтар мен фтизиатрлар арасында  облыстық семинар өткізілді. Сонымен бірге облыстағы, аудандағы бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелеріне АИТВ жұқтырған жүкті әйелге диспансерлік бақылау жүргізу, анадан балаға берілуінің алдын алу, жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеу, дискриминация және стигма мәселелеріне кеңінен тоқталды.

 

Семинарда емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі Е.Осипов, дәрігер инфекционист А.Балмаханова акушер гинекологтарға АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары, жүкті әйелдердегі ретровирусқа қарсы  ем ерекшеліктері, бақылау жүргізу, вирустық супрессияға қол жеткізу,  АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді қауіпсіз босандыру әдістері және босанудан кейінгі күтімі, АИТВ инфекциясын жұқтырған анадан туылған балалар диагностикасы, антиретровирусты терапия жүргізу, бақылау ережелері, тамақтандыру туралы  презентациялар жасады. Сонымен қатар фтизиатрлар арасында АИТВ және туберкулездің клиникалық белгілері, ерекшеліктері, туберкулездің алдын алу химиопрофилактикасы. АИТВ және туберкулез қосарланған инфекциясы кезіндегі антиретровирусты емнің ерекшеліктері АИТВ инфекциясының клиникалық белгілері, классификациясы, нормативтік бұйрықтар тақырыптарында презентациялар жасалынды.

Өткізілген семинар нәтижесінде қол жеткізілді: семинарға қатысушылардың АИТВ-ның алдын алудың негіздері, жұғу жолдары, клиникасы, емдеу ерекшеліктері, АИТВ-мен өмір сүрушілерге көмек көрсету бойынша нормативтік база жөніндегі білім деңгейлері жоғарылады. Сонымен қатар АИТВ-ны жұқтыру қаупі факторлары, жүкті әйелді қауіпсіз босандыру, АИТВ жұқтырған анадан туған нәрестені қоректендірудің маңызын және ретровирусқа қарсы препараттардың іс-әрекет механизмін түсінді. АИТВ-ға жедел тест жүргізуді, тестке дейін және тесттен кейін кеңес беру тәсілдерін, АИТВ және туберкулез қосарланған инфекциясы кезіндегі антиретровирусты емнің ерекшеліктеріне мән беруді үйренді. АИТВ орталығының мамандары медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

  

барлық жаңалықтар »