Тағы 1700 кәсіпорын қызметкері АИТВ-ның алдын алу туралы білді

 

Наурыз 14, 2024

14 наурызда Алматы облысы ЖИТС орталығының мамандары «Интеллсервис» ЖШС кәсіпорнында семинар ұйымдастырды.

 

ЖИТС орталығының дәрігерэпидемиологы А.Ибраимова АИТВ инфекциясы туралы бейнероликтер көрсетіп, АИТВ жұқтырған адамдардың өмірінен нақты мысалдар келтірді. Алматы облысындағы 2023 жылға арналған эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Қатысушылар инфекцияның таралу жолдары туралы ақпарат алды. 220 қызметкер қамтылды.

Жыл сайын Алматы облысы ЖИТС орталығының мамандары кәсіпкерлік құрылымдардың қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді. Соңғы бір айдың өзінде 14 бизнес-құрылым семинарлар, лекциялар мен презентациялармен қамтылды. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлік құрылымдардың 1718 қызметкеріне 236 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиолог бизнес құрылымдары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинарларды қамту өте маңызды, өйткені жұмысшылардың негізгі контингенті жастар, ал 18 бен 49 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының тіркелу деңгейі жоғары екенін атап өтті.

 

 

барлық жаңалықтар »