Мектеп оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу

 

Наурыз 12, 2024

2024 жылдың 12 наурызында АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Шиелі филиалы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде Ы.Жахаев кентіндегі А.Монтаев атындағы №149 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Әркімнің денсаулығын сақтау, әркімнің құқығын қорғау» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ-ның алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың осалдығына әсер ететін және АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады.

Кездесу барысында ЖИТС орталығы Шиелі филиалының эпидемиолог көмекшісі Б.Парманқұлов республикадағы, облыстағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, сондай-ақ әр адам өзін инфекциядан қалай қорғау керектігін түсіндірді. «Оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру» және «АИТВ қоғамда және отбасында» тақырыбындағы баяндамалар тыңдаушылар тарапынан жақсы резонансқа ие болды.

Шара барысында оқушылар сұрақтарына жауаптар алды. Барлығына ақпараттық кітапшалар берілді.

 

барлық жаңалықтар »