Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 7, 2024
2024 жылы 7 ақпанда Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында оқушылар арасында АИТВ-инфекциясы бойынша неғұрлым қызықты және тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу үшін Ақтау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісіА.Кемазанова және маман-эпидемиолог А. Маратова өткізді.
Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы оқу орындарының мамандары үшін тұрақты негізде семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. Өткен жылменсалыстырғанда облыста 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында жаңа жағдайлардың тіркелуінің төмендеуі байқалады. Облыс мектептерінде АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық жұмыс ерекше өзекті болып табылады.
Жұмыс кеңесінде дәрігерлер Маңғыстау облысында , оның ішінде 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.
Қатысушылар оқушыларды тиімді ақпараттандыруы үшін семинарлар өткізу форматы талқылады.
Кеңеске қатысушылар саны-26. Іс-шара сауалнамамен аяқталды.