Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 9, 2024
2024 жылдың 16 ақпанында әлемде негізінен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) профилактикасы күні атап өтіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша күн сайын миллионнан астам адам ЖЖБИ жұқтырады. Бұл инфекциялар ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Герпес және мерез сияқты ЖЖБИ АИТВ-ның таралу қаупін үш немесе одан да көп есе арттыруы мүмкін. ЖЖБИ-нің анадан балаға берілуі баланың өлі туылуына, жаңа туған нәрестенің өліміне, салмағы төмен баланың туылуына, шала туылуға, сепсиске, пневмонияға, неонатальды конъюнктивитке және туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін.
Ресми статистикалық есептіліктің деректері бойынша елдегі ЖЖБИ – мен ауыратындардың жалпы саны (урогенитальды кандидозды және гарднереллезді қоса алғанда) 2023 жылы 28231 (100 мың тұрғынға шаққанда 142,8) құрады, 2022 жылы 40939 (100 мың жалпы тұрғынға шаққанда 214,1) жағдай болды.
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы барлық ЖЖБИ жағдайлары төмендегенін атап өту қажет: мерез – 2022 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 10,7 – ден 2023 жылы 9,3 – ке дейін (1,1 есе); Гонококк инфекциясы – 2022 жылы 7,5 – тен 2023 жылы 6,8-ге дейін (1,1 есе); урогенитальды хламидиоз - 2022 жылы 16,5-тен 2023 дейін 13,4 –ке (1,2 есе); урогенитальды трихомониаз – 2022 жылы 21,9 – дан 2023 жылы 16,3-ке дейін (1,3 есе).
Қазақстан Республикасында 2023 жылғы есептік деректер бойынша туа біткен мерездің 11 жағдайы тіркелген.
Бүгінгі таңда ЖЖБИ диагностикасы мен емдеудің барлық клиникалық хаттамалары халықаралық ұсыныстарға сәйкес жаңартылды. ҚР-ның Мерезді диагностикалау және емдеу жөніндегі қолданыстағы клиникалық хаттамаларында диагностика алгоритмі өзгертілді. Алгоритмнен серологиялық реакциялар кешені немесе Вассерман реакциясы алынып тасталады.
2023 жылы Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 43 бұйрығы бекітілді.Стандартқа мерездің АББА шаралары, туа біткен мерездің диагностикасы және өлі туудың алдын алу шаралары кіреді.
ЖЖБИ диагностикасы және емдеу бойынша клиникалық хаттамаларға толықтырулар мен өзгерістер әзірленді және 2024 жылға арналған тақырыптарды приоретизациялау тізбесіне енгізу үшін жіберілді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарында достық кабинеттер шеңберінде ТМККК шеңберінде халықтың негізгі топтары арасында ЖЖБИ диагностикасы мен емі жүргізіледі.
АИТВ, оның ішінде ЖЖБИ жұқтыру қаупі жоғары, тұрақсыз жыныстық қатынасы бар халық топтары үшін байланысқа дейінгі профилактика енгізілді.
ЖЖБИ жұқтырудың кең таралуына қарамастан, егер қарапайым ұсыныстар (ерте жыныстық қатынастан бас тарту, тұрақты жыныстық серіктес, кездейсоқ жыныстық қатынасты болдырмау, презервативті және басқа да жеке қорғаныс құралдарын қолдану) орындалса, олардың орындалуы - интимдік өмірдің қауіпсіздігіне және денсаулықты сақтауға кепілдік береді.
Ә. Өтегенова,
дерматовенеролог-дәрігер