Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 6, 2024
Алматы облыстық ЖИТС орталығы жыл сайын әскери қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізеді. 2023 жылы Алматы облысындағы 32 әскери бөлім презентациялармен және көрнекі материалдармен қамтылып, 3454-тен астам қызметкер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қамтылып, 5830 ақпараттық оқуқұралдары мен 88 плакаттар таратылды.
Алдын алу жұмыстары 2024 жылы жалғасуда, биылдың өзінде 670 әскери қызметкер қамтылды.
2024 жылдың 6 ақпанында Алматы облысының ЖИТС орталығы Талғар ауданында орналасқан «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейінде семинар ұйымдастырды. Алдын алу жұмыстары бөлімінің дәрігерлері студенттерге АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат беретін бейнероликтер көрсетті, сонымен қатар АИТВ жұқтырған адамдардың өмірлік жағдайларынан нақты мысалдар келтірді. 2023 жылыАлматы облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берілді. АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен факторлары, берілмейтін жағдайлар жайында нақты көрсетілді. 250 студент қамтылып, 300 ақпараттық оқу құралдары мен 4 плакаттар таратылды.