Қазақстанда алты жыл бойына алапестің жаңа жағдайлары тіркелмеген

 

Қантар 28, 2024

28 қаңтар - Дүниежүзілік алапеспен ауыратын науқастарға көмек күні. Бүгінде Қазақстанда алапеспен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады (Хансен ауруы). Науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапеспен  тек егде жастағы тұрғындар  ауырады, бұл осы инфекцияның жойылушы көздеріне тән.

Елдегі алапес ауруының төмендеуі қарқыны тұрақты. Соңғы уақытта алапестің бірлі-жарым жағдайларын тіркеу жалғасуда, 10 жыл ішінде барлығы – 3, аурудың қайталануымен – 2 науқас анықталды. 2024 жылдың басында Қазақстанда 246 науқас және 222 байланысқан адам тұрады.

- Біздің елде алапес іс жүзінде жойылды. Қазақстан бұл аурудың ауыртпалығы төмен елдер қатарына жатады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде аурудың алдын алу мәселелері маңызды рөл атқарады. Алапестің қайталама профилактикасы, салдарын (асқынуларын) емдеу, аурудың қайталануының алдын алу басым міндет болып қала береді, - деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Қазақстанда алапесті жүз жыл бұрын, 1929 жылдан бастап, КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР-де лепрозорийді ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезден бастап емделе бастады. Бүгінгі таңда Қазақ республикалық лепрозорийі - ерекше емделуді ғана емес, өз пациенттерін оңалтуды да жүзеге асыратын ерекше үлгідегі мамандандырылған емдеу мекемесі. Лепрозорий Қызылорда облысында орналасқан және екі диспансері бар. Арнайы емдеуден басқа, науқастар барлық қажетті медициналық көмекті (хирургиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, терапевтік және т.б.) және оңалтуды алады.

- Лепрозорий алапеспен ауыратын науқастарды оқшаулайтын орын емес. Есепте тұрған пациенттер еліміздің басқа медициналық ұйымдарында емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін алуға мүмкіндігі бар. Пациенттердің арасында тұрақты медициналық көмекке мұқтаж мүгедектер, үйсіз, бас тартқан, туыстары жоқ және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік баспанаға мұқтаж науқастар бар. Алапеспен ауыратын науқастарды диспансерлеу рецидив қаупіне байланысты өмір бойы жүзеге асырылады, - дейді Қазақ республикалық лепрозорийінің бас дәрігері Молдағали Сейталиев.

Алапесті емдеудің бүкіл тарихында ел дәрігерлері әртүрлі тактикаларды қолданды. Бастапқыда іс-шаралар негізінен пациенттерді анықтауға және оқшаулауға бағытталған. Содан кейін химиотерапияны жүргізу міндеті бірінші орынға шықты. Қазіргі уақытта алапестің алдын алу – мүгедектіктің алдын алу және науқастарды оңалту өзекті болып табылады.

барлық жаңалықтар »