Талқылау назарында Ганзен ауруы мен дерматоздар

 

Қантар 26, 2024

26 қаңтардағы ҚДИАҒО ғылыми-практикалық семинарында Ганзен ауруы мен дерматоздар талқылаудың өзекті тақырыбына айналды.  

ҚДИАҒО директорының орынбасары А.Әбішев іс-шараны аша отырып, өз сөзінде бүгінгі таңда дәрігерлерге Ганзен ауруы туралы білім алу және лепрофобияның алдын алу үшінқолдан келген шараның бәрін жасау өте маңызды екенін атап өтті.

Дәрігерлер, ғалымдар, резиденттер әлемдегі және елдегі Ганзен ауруының ( алапес, құлғана) белгілерімен, ерекшеліктерімен, жай-күйімен, сондай-ақ оның даму тарихымен танысты.

Қазақстандағы Ганзен ауруымен байланысты жағдай туралы Қазақ республикалық лепрозорий дәрігерлері  С. Егіншібаев және Т.Әбубәкір айтып берді. Дәрігерлер алты жылдан бері Қазақстан аумағында аурудың жаңа жағдайлары тіркелмегенін атап өтті. Соңғы 40 жылда анықталған науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ, бұл алапестің жойылып бара жатқан ошақтарына тән. Лепрозорийде пациенттерге барлық қажетті көмек көрсетіледі, жабдықтар мен дайындалған қызметкерлер бар.

"21 ғасырдағы инфекциялардың зертханалық диагностикасы" тақырыбы қатысушыларда көптеген сұрақтар тудырды. ҚДИАҒО бірінші курсының резиденттері Н.Гусейнов - "Лейшманиоз" және А.Ережеп - "Дифдиагностикадағы пигменттік бұзылулар" тақырыбында дискуссиялық баяндамаларды таныстырды.

Ғылыми-практикалық семинардың қорытындысы бойынша қайырымдылық сәлемдеме Қазақ республикалық лепрозорийіне берілді. Қайырымдылық сәлемдемедегі жаңа теледидар мен тәттілер мекеменің пациенттерін үшін қуантарлық жағдай. Қайырымдылық үлес қосқандардың барлығына алғыс айтамыз.

Іс-шара Дүниежүзілік алапеспен ауыратын науқастарға көмек көрсету күні аясында өткізілді.

барлық жаңалықтар »