Түркістанға жұмыс сапары

 

Қантар 12, 2024

Түркістан облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 12 қаңтарда ҚДИАҒО директорының орынбасары А.Әбішев жұмыс сапарымен барып қайтты. 

А. Әбішев мекеме басшылығымен жұмыс жиынын өткізді, онда АИТВ - инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сапар барысында А. Әбішев эпидемиологиялық қадағалауды, эпидемияға қарсы іс-шараларды, АИТВ және ЖИТС-пен байланысты аурулардың зертханалық диагностикасын ұйымдастырумен және жүргізумен танысты.

АИТВ-ны емдеуге және жүргізілген зерттеулерге, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмекке, жанасудан кейінгі антиретровирустық профилактиканы жүргізуге ерекше назар аударылды.

Пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің профилактикасын жақсарту және сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

барлық жаңалықтар »