Таразға жұмыс сапары

 

Қантар 11, 2024

11 қаңтарда Тараз қаласының Облыстық тері-венерологиялық диспансеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен ҚДИАҒО директорының орынбасары А. Абишев барып қайтты. 

А. Абишев мекеме басшылығымен - бас дәрігер Д.Абдусаметовпен, бас дәрігердің медициналық қызмет сапасы жөніндегі орынбасары,Жамбыл облысы бойынша бас штаттан тыс дерматолог С. Байболатовамен, стационарлық бөлімше меңгерушісі Л. Лимен, сондай-ақ дәрігер А.Марасуловпен жұмыстық жиын өткізді. Дәрігерлер витилиго, дерматоз және басқа да ауруларды емдеудің өзекті мәселелерін талқылады. 

Бүгінгі күні тері-венерологиялық диспансерде псориазбен ауыратын науқастар өмір сүру сапасын жақсартатын гендік-инженерлік биологиялық препараттарды толық алады. Жаңа жылда тиімділікті арттыру үшін псориаз және атопиялық дерматитпен ауыратын науқастардың мектептерін ашу жоспарлануда.

Дәрігерлер стационарлық науқастарды аралап, емдеу сапасын талдады. Қолданылатын емдеу әдістерінің тиімділігіне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысының пациенттеріне медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында ұсыныстар берілді.

барлық жаңалықтар »