VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

Желтоқсан 8, 2023

Алматыда 8 желтоқсанда «АИТВ-23. АИТВ-инфекциясы және синдемия. ВAAРT - АИТВ прогрессиясын баяулатудың және мультикоморбидтілік профилактикасының маңызды факторы» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Іс-шараны ұйымдастырушы –  «АИТВ-инфекциясын зерттеу қауымдастығы» ҚБ мемлекеттік, халықаралық ұйымдардан 500-ден астам маманды, дәрігерлерді, ғалымдарды, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін талқылауға шақырды.

Пленарлық отырыстар, сателлиттік форумдар онлайн және офлайн режимде ұйымдастырылды, Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінің АИТВ бойынша мамандары қатысты.

ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин конференцияны ашып былай деді:

- Конференция қазірдің өзінде АИТВ-мен байланысты жетістіктер мен сын-қатерлерді талқылау үшін танымал алаңға айналды. Конференцияның мақсаты - бейінді мамандарға АИТВ-инфекциясының алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде АИТВ-медицинасының жаңа жетістіктерін ұсыну, жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨСА) көрсетілетін медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Қатысушылар Қазақстандағы және ШЕОА елдеріндегі АИТВ бойынша эпидахуалмен, ҚР-дағы АРТ тиімділігімен және әлемдегі инновациялармен, елдегі өзін-өзі тестілеумен танысты, азаматтық секторды тарта отырып, АӨСА-ға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мәселесін айтты.

Талқылауда  «Жүктілік және АИТВ», «АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдер мен жастарға арналған қашықтықтан медициналық-әлеуметтік қызметтер», «Созылмалы В және С вирустық гепатиттері: АИТВ  өзара ықпалы» және т.б. маңызды тақырыптар болды.

Конференция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында дәстүрлі түрде жылына бір рет өткізіледі.

барлық жаңалықтар »