АИТВ және ЖЖБИ бойынша ғылыми-практикалық семинар

 

Желтоқсан 8, 2023

Дүниежүзілік науқан аясында 8 желтоқсанда «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» деген ұранмен ҚДИАҒО-да өткен ғылыми-практикалық семинарда АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Пікірталасқа практика дәрігерлері мен резиденттер де қатысты. Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының президенті, профессор М. Рысұлы әлемдегі және ҚР-дағы АИТВ-инфекциясын диагностикалау мәселелерінің қазіргі жағдайы туралы айтты.  Дерматовенеролог-подолог, дерматокосметолог, оқытушы А. Аринова «Клиникалық практикадағы АИТВ-инфекциясы» туралы презентация көрсетіп, баяндама жасады.

ҚДИАҒО жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері,  дерматовенеролог, дерматокосметолог А. Искакова  вирусқа қарсы терапияға егжей-тегжейлі тоқталды. Дерматовенеролог, дерматокосметолог, ғылыми қызметкер З. Суханбердиева жасаған баяндамадан қатысушылар антиретровирустық терапия туралы көптеген қызықты ақпарат алды.

ҚДИАҒО бірінші және екінші оқу жылдарының резиденттері сөз сөйлеу үшін өзекті тақырыптарды таңдап, ұзақ уақыт дайындалды. «АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ кезінде шырышты қабықтың зақымдануы», «Трихомонад инфекциясы», «Аралас ЖЖБИ» және т.б. баяндамалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар туғызды.

барлық жаңалықтар »