Қарасай мен Талғар аудандарының орталық аурухаларында ашық есік күні өтті.

 

Қараша 29, 2023

29.11.2023 жылы екі улкен аудан тұрғындарына тұрғылықты мекен жай емханасында экспресс-тестілеу арқылы кеңес алуға, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтауға, қан қысымын өлшеуге, АИТВ-ға тексерілуге ​​мүмкіндік берілді. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ның алдын алу, оның ішінде вирустың берілу жолдары, инфекциядан қалай қорғану керек және АИТВ туралы қандай қате түсініктер бар екендігі туралы айтты. Жыл сайын Алматы облысының халқының 12% - нан астамы АИТВ-ға тексеріледі, тестілеудің қол жетімділігі мен уақтылылығының арқасында жағдайлардың 70% - дан астамы аурудың 1-2, ерте сатысында анықталды. Дер кезіндегі, уақытылы диагностика пациенттердің Қазақстанда тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапияға қолжетімділігін арттырады. Іс-шараға 226 адам қамтылып, АИТВ инфекциясына тексерілді, оң нәтиже тіркелген жоқ. 303 дана ақпараттық-білім беру құралдары, 720 мүшеқаптар таратылды.

Сондай-ақ, орталықтың  профилактикалық жұмыс бөлімі қызметкерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандарымен бірлесіп Қарасай ауданында орналасқан Аяжан медициналық колледжі студенттеріне семинар өткізді.  Семинар барысында қатысушыларды презентациялармен таныстырып, бейнероликтер көрсетіп, ситуациялық есеп шешуді ұсынды. Студенттерге АИТВ-ның алдын алу, оның ішінде иммун тапшылығы вирусының берілу жолдары және инфекциядан қалай қорғану керек туралы ақпараттар айтылды.  Шараға 60 студент қатысып, 120 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

барлық жаңалықтар »