ПАВЛОДАРДА ИНДЕКСТІК ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ТРЕНИНГ

 

Қараша 29, 2023

Павлодар АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығында емхана дәрігерлеріне, эпидемиологтарға, медбикелерге және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған индекстік тестілеу (ИТ) бойынша тренинг өтуде. Бұл екі күндік семинар АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық және инъекциялық серіктестерін анықтау және тексеру бойынша қызметкерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған.

Өзінің тұсаукесер материалдарында ICAP, CDC, USAID, EpiC жобасының жаттықтырушылары халықаралық тәжірибені, индекстік тестілеу процесін ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибелерді ұсынды. Бағдарламаға қатысушылар жеті қадам, ақпараттандырудың төрт әдісі, құпиялылық және серіктестерді ақпараттандырудың балама әдістері туралы жаңа білім алды.

Қатысушылар өзін-өзі тексеруге, зорлық-зомбылық қаупін бағалауға, индекстік тестілеу кезінде қолайсыз салдарларды бақылауға үйретілді. Білім алушылар жаттықтырушылармен бірге практикалық дағдыларды талқылады, пысықталды, ситуациялық міндеттерді шешті. Жаттықтырушылар тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларына, тестілеу кезінде мотивациялық кеңес беруге ерекше назар аударды.

Екі күндік оқу барысында тренингтің 50-ге жуық қатысушысы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың байланыс серіктестерін индекстік тестілеу бойынша білімдерін жетілдірді.

барлық жаңалықтар »