ДДҰ-дағы кездесу

 

Қараша 21, 2023

21 қарашада Астанада ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қор менеджерінің аға портфолиосы Татьяна Виниченко Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша сапары аясында ДДҰ елдік кеңсесінің басшысы доктор С. Сыламен кездесті.

Кездесуге қоғамдық денсаулық сақтау және Жаһандық қордың мониторингі және бағалау мәселелері жөніндегі маман Давид Кокиашвили, ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин, АИТВ бойынша ЖҚ жобасын іске асыру тобының менеджері Татьяна Давлетгалиева, ЕҮК хатшылығының үйлестірушісі Рысалды Демеуова қатысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері және жаңа психоактивті заттардың, әсіресе жастар арасында АИТВ-ның таралуына әсері талқыланды. Сонымен қатар, доктор С. Сыла Қазақстанның АИТВ-ға тестілеудің жаңа алгоритмін енгізуге дайындығы мен маңыздылығын атап өтті.

– ЮНЭЙДС "2030 жылға қарай АИТВ індетін тоқтату " үш "95" мақсатының бірі - тестілеуді арттыру болып табылады -адам өзінің АИТВ мәртебесін неғұрлым ерте білсе, соғұрлым ертерек емделіп, жақын адамдарының арасында инфекцияның таралуының алдын алады", - деді өз сөзінде Бауыржан Байсеркин.

- Сондықтан Жаһандық қордың жаңа гранты аясында ыңғайлы уақытта және жерде тестке, ҮЕҰ базасында, далада, сенім пункттерінде және достық кабинеттерде тестілеуге тапсырыс беру мүмкіндігімен өзін - өзі тестілеуді өткізу үшін "жылдам" (сілекей) тесттер сатып алынуда, - деп атап өтті Татьяна Виниченко.


барлық жаңалықтар »