ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЖҚ АИТВ және туберкулез компоненттері жөніндегі гранттарды іске асыру мәселелерін талқылады

 

Қараша 23, 2023

23 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі -АИТВ және туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі Елдік үйлестіру комитетінің (ЕҮК)төрағасыВячеслав Дудник ЖИТС, туберкулез және безгекке қарсы жаһандық қордың өкілдері Т.Н.Виниченко және Д.Кокиашвилимен кездесті.

Отырысқа сондай-ақ республикалық ғылыми орталықтардың, Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстандағы ЕҮК хатшылығының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Вице-министр, ЕҮК төрағасы Жаһандық қорға АИТВ және туберкулез бойынша бағдарламаларды қолдаудағы ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісі мен 20 АИТВ-ның алдын алу орталығы медициналық көмекті көрсетеді. АИТВ-инфекциясы және туберкулез бойынша бағдарламалардың көрсеткіштерін жергілікті атқарушы органдар мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға енгізу жоспарлануда, деп атап өтті В.Дудник.

Өз кезегінде Татьяна Виниченко кездесу үшін алғысын білдіріп, Жаһандық қор көп жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін және көршілес елдерге үлгі бола алатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар 2024-2026 жылдарға арналған жаңа гранттық келісімнің мәселелерін талқылап, бір-біріне алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстары бойыншасенім артты.

барлық жаңалықтар »