Зорлық-зомбылық тәуекелдерін төмендету жөніндегі тренинг

 

Қараша 17, 2023

Зорлық-зомбылық қаупін қалай азайтуға және әйелдердің әл-ауқаты мен денсаулығын қалай жақсартуға болады? 15-17 қарашада Алматыда осындай күн тәртібімен еліміздің барлық өңірлерінен әлеуметтік жұмыс бойынша 37 маман жиналды.

Іс - шараны ұйымдастырушы - "Умай" жобасының қатысуымен (халықтың осал топтарындағы әйелдердің Қазақстандағы гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі қызметтерге қолжетімділігін жақсарту) халықтың негізгі топтарына Сovid-19 әсерінен болатын зардаптарды жеңілдету тетігі (ЖИТС, туберкулез және безгекпен күреске арналған Жаһандық қордың гранты) шеңберінде ҚР ДСМ ҚДИАҒО-нің әріптестік қолдауымен "Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы" ҚҚ.
Тренингке қатысушылар: дағдарыс орталықтарының, сенім телефондарының, достық сервистер бойынша навигациялық қызметтің қызметкерлері гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша білімдері мен дағдыларын арттырып, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың 2024 жылға арналған стратегиясын әзірледі.

Жаттықтырушылар - халықаралық мамандар Людмила Ким (Колумбия университеті, Нью-Йорк) және Данил Никитин (Glor қоры, Бішкек). Ал Зульфия Байсакова ("Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ), Жанар Әбдіқалықова ("Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" РҚБ), Виктория Примак (Alma-TQ транс*бастамасы) гендерлік зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Тренинг барысында қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылық аңыздар, зорлық-зомбылық түрлері, оның психологияға әсері, салдары, сондай-ақ, стигманың кемсітушіліктен қалай ерекшеленетіні туралы, нақты терминдері туралы біліп қайтты.
Әлеуметтік жұмыс мамандары "Жан-Сая" дағдарыс орталығының жұмыс тәжірибесін зерделеді.

барлық жаңалықтар »