Алматы облысы наркологтары мен психиатр мамандарымен бірлескен отырыс өтті

 

Қазан 26, 2023

ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының ұйымдастырумен 26 қазан 2023 жылы Облыстық психикалық денсаулық орталығында инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында атқарылған жұмыстар жөнінде бірлескен отырыс өтті.

Бірлескен отырысты ЖИТС орталығы директорының орынбасары Г. Жақанова мен ОПД орталығы директорының орынбасары Л.Степанова ашып берді. 

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер эпидемиологы А.Аязбаева «Инъекциялық есірткі қолданушылардың арасындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында презентациялық баяндама жасаса, алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог дәрігері Т. Мырзагулова Сенім пунктерінде инъекциялық есірткі тұтынушылар арасындағы профилактикалық жұмыс жайында толық мәлімдеме берді. ОПДО дәрігері А.Сакибаева «Динамикалық бақылау барысында инъекциялық есірткі тұтынушыларды тексеру» тақырыбында баяндама жасады.
Бірлескен отырыс аяғы сұрақ-жауапқа ұласты. ЖИТС орталығы директорының орынбасары Г.Жақанова біраз тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады. Қатысушы мекемелер мамандары ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

барлық жаңалықтар »