Қазақстанның Республика күні құтты болсын!

 

Қазан 25, 2023

Біздің еліміз үшін 25 қазан - тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Декларация елдің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.

Қазақстандықтарды осы айтулы күнмен құттықтаймыз! Сіздерге ашық аспан, татулық пен амандық тілейміз және де әр шаңыраққа, әр отбасына денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!

барлық жаңалықтар »