Көшбасшылық - қауымдастықтарға!

 

Қазан 19, 2023

Елде осындай ұранмен 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқанды өткізу жоспарлануда.

Науқанды қалай қызықты, пайдалы және тиімді өткізуге болады? Бұл туралы 19 қазанда ҚДИАҒО-да АИТВ-ның алдын алу орталықтарының қызметкерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, пікір алмасты.

АИТВ-ның алдын алу жөніндегі әрбір өңірлік орталықта қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндері, сондай-ақ басқа да іс-шаралар өпек. Әлеуметтік желілерде және қалалардың LED-экрандарында стигма мен кемсітушілікке қарсы, АИТВ-ның алдын алу және одан қорғау шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілетін болады.

ЮНЭЙДС және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы Алматыда CLM (Қоғамдастық күштерімен мониторингтеу) бойынша кеңес ұйымдастырмақ. Кеңестің күн тәртібінде - ПЕПФАР, ЮНЭЙДС, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың атынан қауымдастық күштерімен мониторинг жүргізу жөніндегі презентация, сонымен қататр, Ұлттық CLM тобы бойынша да ақпарат та беріледі.

ЮНЭЙДС атап өткендей: "Көшбасшылық - қауымдастықтарға" ұраны 1 желтоқсанда ғана айтылмайды. Ол осы жылдың қараша айында басталатын барлық іс-шаралардың ұраны болмақ, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні туралы баяндаманың жаршысы болып, қараша айының соңында жарияланатын болады, іс-шара 1 желтоқсанда шарықтау шегіне жетіп, ұзақ уақыт бойы жалғасын таппақ.

барлық жаңалықтар »