Алматы облысының Балқаш ауданында алдын алу жұмыстары жүргізілді

 

Қазан 13, 2023

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің мамандары 2023 жылдың 12-13 қазан күндері Балқаш ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Эпидемиологтар ауданның биолог мұғалімдерінің басын қосып, Балқаш аудандық ауруханасы дәрігерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді. Онда ауданның нарколог, гинеколог мамандары жастардың репродуктивті денсаулығы жайлы мәлімет беріп, маңызды мәселелерді ортаға салды.
Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Л.Абдукаримова мен эпидемиолог дәрігерлер Т.Мырзағұлова, Н.Қасымов облыстағы эпидемиологиялық жағдайды айта келіп, АИТВ инфекциясының берілу жолдарын, алдын алу шараларын слайд арқылы түсіндірді.
Сондай-ақ мамандар Бақанас аграрлық индустриялдық колледжі студенттерімен, аудандық спорт мектеп-интернаты, Жамбыл Жабаев атындағы №1 орта мектеп, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия, Бірлік, Бақбақты, Ақдала ауылдық мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, бірнеше семинар өткізді.
«АИТВ және ЖИТС» бейнефильмін тамашалаған соң қатысушылар сұрақтарын қойып, алған білімдерінің нәтижесі ретінде сауалнама толтырды.
Іс-шараларға мыңнан аса жасөспірім, 58 мұғалім қамтылды.

барлық жаңалықтар »