Еуропалық дерматология және венерология академиясының конгресіне қатысу

 

Қазан 14, 2023

Қазақстандық дәрігерлер 11-14 қазанда Берлинде Еуропалық дерматология және венерология академиясы конгресінің жұмысына қатысып қайтты. Делегация қатарында ҚДИАҒО дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты С.Оспанова да бар.

Еуропалық дерматология, венерология академиясының конгресі - бұл дерматология мен венерологиядағы соңғы ғылыми жетістіктер мен зерттеулерге арналған жыл сайынғы халықаралық іс-шара. Конгресс дерматология мен венерология саласындағы максималды нәтижеге қол жеткізу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген денсаулық сақтау мамандарын, ұйымдарды және өнеркәсіптік кәсіпорындарды біріктіреді.

Берлин конгресінде инновациялық практикалық семинарларды, тар бейінді мамандықтар бойынша отырыстарды және салалық сессияларды қоса алғанда, өзекті тақырыптардың барлық спектрін қамтитын түрлі интерактивті бағдарлама ұсынылды. Қатысушылар соңғы жаңалықтарды, жаңа препараттар мен технологияларды, дерматологиядағы "қызыл жалаулар" және басқа да көптеген қызықты тақырыптарды талқылады.

Көрме залында келушілер бүгінгі күнге дейін ұсынылған дерматология және венерология саласындағы ең жаңа технологиялармен, емдеу әдістерімен және өнімдерімен таныса алды.

Еуропалық дерматология, венерология академиясы дерматология және венерология саласындағы озық тәжірибелерді дамытатын, тарататын және енгізетін халықаралық қауымдастық құруға ұмтылады.

барлық жаңалықтар »