Веб-аутрич қызметкерлері мен консультанттарына арналған тренинг

 

Қазан 13, 2023

11-13 қазанда Алматыда еліміздің әр өңірінен келген веб-аутрич қызметкерлері мен консультанттары жаңа синтетикалық есірткіні қолданатын адамдардың АИТВ-ға байланысты алдын алу, емдеу, күтім жасау және қолдау көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Тренинг UNODC-пен серіктестікте ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың грантын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Жаттықтырушылар - БҰҰ ЕҚБ халықаралық консультанттары А. Лахов пен Н.Унгурян қатысушыларды ШЕОА елдері мен өңіріндегі жаңа синтетикалық есірткілер бойынша деректермен таныстырды, зиянды азайту және өзін-өзі бақылау жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Тренингтің назарында зиянды азайтуды жүзеге асырудың, артық дозаланудың алдын алу мен емдеудің, есірткі қолданатын адамдар арасында қоғамдастықты жұмылдырудың өзекті тақырыптары болды.

Қатысушылар Қазақстанда жаңа психоактивті заттарды қолданатын адамдар үшін АИТВ-ның алдын алу және емдеу саласындағы қызметтердің қажеттіліктері мен қолжетімділігін бағалау бойынша пилоттық зерттеудің нәтижелері мен қорытындыларымен толық ақпарат алды.

Халықтың негізгі топтары мен есірткі қолданатын адамдар арасындағы АИТВ жағдайындағы тақырып ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, АИТВ жұқтыру қаупі атап өтілді. Сонымен, ЮНЭЙДС мәліметтері бойынша: инъекциялық есірткіні қолданатын адамдарда инфекция қаупі мұндай инъекция жасамайтын адамдарға қарағанда 35 есе жоғары.

барлық жаңалықтар »