Колледж студенттерімен сыбайлас жемқорлық, нашақорлық және АИТВ тақырыбында кездесу

 

Қырқұйек 13, 2023

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында Петропавлдағы барлық колледждердің оқушыларымен кездесу өтті. Түрлі қызметтер мен ведомстволардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жастар арасындағы есірткіге тәуелділік және есірткі құралдарының заңсыз айналымы, АИТВ-ның алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды көтеру үшін жастармен кездесті.

Іс-шараға СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ІІО бойынша офицері Е.Әубәкірова, СҚО ПД ПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты З. Попова, Петропавл Жастар ресурстық орталығының басшысы Д. Абдин, ЖИТС орталығының маманы О. Симухина, сондай-ақ колледждердің ЖІК төрағалары, колледж белсенділері және жастар арасынан белсенді еріктілер қатысты.

Спикерлердің сөздерінен кейін оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға бірден жауап ала алды.

"Студенттердің тақырыпқа белсенді қызығушылық танытқаны қуантады, оның ішінде АИТВ-ның ЖИТС-ке қалай және қай кезеңде ауысатынын, АИТВ жұқтырған адамдардың дені сау балалары болуы мүмкін бе, Қазақстанда АИТВ-ны қасақана жұқтырғаны үшін адам қандай жауапкершілікке тартылады және басқа да көптеген сұрақтар қойылды. Әңгіме өте жанды және қызықты болды", - деп атап өтті Оксана Симухина.

Іс-шараға Петропавл колледждерінің 39 оқушысы қатысты.

барлық жаңалықтар »