Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қырқұйек 7, 2023
7 қыркүйек 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы медициналық қызметкерлеріне арнап АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша оқыту семинарын өткізді.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігері А.Байқайып АИТВ жұқпасының эпидемиологиясы және алдын-алу бойынша іс-шараларға тоқталып, апаттық жағдайдағы медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритмін және ҚР ДСМ-нің №313, 204 бұйрықтарын түсіндірді.
Емдеу-алдын алу бөлімінің жұқпалы аурулар дәрігері С.Махмутова №211 бұйрықтағы клиникалық көрсеткіштерді саралады. Ал медициналық мекемелерде АИТВ жұқпасына ИФТ тестілеу әдісіне қан алу, биологиялық сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау ережелері видеокөрсетілім арқылы көпшілік назарына ұсынылды.
Семинарға қатысқан 93 медицина қызметкерінен АИТВ инфекциясы бойынша алған білімдерін бағалау сауалнамасы алынып, соңы сұрақ-жауапқа ұласты.