Қазақстан халықаралық грант алуға дайындалуда

 

Қырқұйек 11, 2023

2023 жылғы 04-06 қыркүйек аралығында Женева қаласында (Швейцария) АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасы үшін 2024-2026 жылдарға арналған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу үшін Жаһандық қор грантын алуға өтінімнің іс-шараларын талқылау бойынша жұмыс кездесуі болып өтті.

Жұмыстық кездесуде ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин, ҚДИАҒО қызметкерлері, ҚЖА және ЕҰК өкілдері қатысты.
Қаржыландыруға өтінім "Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы" Жол картасында айқындалған және 95-95-95 мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұлттық басымдықтарға толық сәйкес келеді:
- халықтың негізгі топтарына бейімделген АИТВ-ға тестілеу стратегияларын кеңейту (қоғамдастық деңгейіндегі тестілеуді, өзін-өзі тестілеуді, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып тестілеуді және индекстік тестілеуді қоса алғанда);
- инфекция қаупі жоғары адамдар үшін байланысқа дейінгі профилактиканың ауқымын кеңейту;
- "зиянды азайту" бағдарламасын кеңейту, оның ішінде жаңа психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу;
- қоғамдастық күштерімен мониторингті қоса алғанда, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін күшейту.
Қаржыландыру туралы өтінім ДДҰ, ЮНЭЙДС, ЖҚ ұсыныстарына толығымен сәйкес келеді және қолданыстағы бағдарламаларды кеңейтуге де, эпидемиологиялық жағдайға әсерін күшейту үшін елде сәтті басқарылған инновациялық профилактикалық шараларды қолдануға да бағытталған.

барлық жаңалықтар »