Стигма мен кемсітушілікке қарсы адвокаттық жоспарды талқылау

 

Тамыз 28, 2023

28 тамызда ҚДИАҒО-дағы жұмыстық кездесуде мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері ҚР-да АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілікке қарсы 2023-2025 жылдарға арналған адвокаттық жоспарды талқылады.

Қатысушылар құжаттың маңызды тармақтарын іске асыру жөніндегі міндеттерді айқындап, нақтылады, соның ішінде:
- ел заңнамасын ҚР ратификациялаған халықаралық нормаларға сәйкес келтіру,
- денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет көрсету сапасын жақсарту,
- дағдарыс орталықтарына қолжетімділікті кеңейту,
- жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтерінің сапасын арттыру,
- халықтың негізгі топтарының (ХНТ) құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Адвокаттық жоспардың мақсаты - ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) және ХНТ қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту және оларға қатысты өмірлік маңызды қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Адвокаттық жоспардың қажеттілігі елімізде АӨА стигма индексін зерттеу қорытындылары бойынша кең қоғамдық талқылаудан кейін өзектендірілді. Бүгінгі таңда стигма индексі әлемнің 100-ден астам елінде 100 мыңнан астам АӨА қатысуымен өткізілді.

барлық жаңалықтар »