Абай облысына жұмыс сапары

 

Тамыз 25, 2023

25 тамызда ҚР ДСМ ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин Абай облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Сапар барысында Б. Байсеркин облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлерімен кездесіп, бөлімдерінің жұмысымен танысты, сенім пунктінде де болды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Н. Ибраевпен бірлесіп АИТВ бар адамдарға (АӨА) қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша кеңес өткізді.

Жақында облыс орталығы ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың гранты аясында зертхана үшін жаңа жабдық алды, бұл жұмыс сапасына оң әсерін тигізетін болады және талдау нәтижелерінің дұрыстығын арттырды.

Орталық қызметкерлері медицина мамандары, педагогтар, полицейлер, бизнес құрылымдар үшін АИТВ жұқтыру жолдары мен қорғау шаралары туралы семинарлар, дәрістер мен тренингтер белсенді өткізуде.

2023 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша облыста өскелең қорытындымен 437 АӨА анықталды. 15-49 жас аралығындағы азаматтар арасында АИТВ-ның таралуы 0,1% құрады.

Дәрігерлер алдында сөйлеген сөзінде ҚДИАҒО директоры бүгінде облыста АИТВ-оң адамдардың тек 65 пайызы ғана өз мәртебесін білетінін атап өтті. Анықтауды тежеуші басқа да тенденциялар – олар, динамикалық бақылаудан тұратын АИТВ серіктестерінің АИТВ-ға индекстік тестілеумен төмен қамтылуы және халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасында ЖЖБИ-нің жеткіліксіз анықталуы болып табылады.

Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін ХНТ-ын жанасуға дейінгі профилактикаға бағыттау бойынша жұмысты күшейту, тестілеумен және профилактикалық бағдарламалармен қамтуды ұлғайту, сондай-ақ АӨА-дағы вирустық гепатиттерді емдеуге назар аудару қажет.

барлық жаңалықтар »