Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы семинар-тренинг

 

Тамыз 23, 2023

2023 жылдың 21-23 тамыз аралығында ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» КМК мамандарының 20%-на философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Айтимов Болат Жолдасбекұлы «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбының аясында 3 күндік оффлайн форматта семинар-тренинг өткізді.

Тренинг барысында жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не деген сұрақтан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы мен БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жадынамасы, мүдделер қақтығысы, қызмет әдебі, мамандарды басқару, сатып алу рәсімдері эәне де басқа да тақырыптар аймағында толық та қызықты ақпараттар алынды. Комплаенс-офицер жайында толық мәлімет алынды.

Тренинг іскерлік ойын, ұжымдық топтасу сияқты қызықты форматта өткізілді. Флип-чартада неше түрлі маркерлермен сызба сызылып, әр қызметкер өз ойын бұқпасыз толық жеткізуге мүмкіндік алды. Тренингке қатысушылар жағдайлық (ситуационные) есептерді топ топқа бөлініп, өз құзырында шешуге тырысты.

Семинар соңында қатысқан мамандарға материалдар таратылып, сертификат табысталды, жеке жеке сұраунамадан өтті.

барлық жаңалықтар »