Қан кабинеті мамандарымен дөңгелек үстел

 

Тамыз 18, 2023

 18 тамыз 2023 жылы Алматы облыстық қан орталығында ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандары өңірлік медицина мекемелерінің қан кабинетінің мамандарына дөңгелек үстел өткізді.

ЖИТС орталығы директорының орынбасары Г.Жақанова мен Облыстық қан орталығының директоры Т.Рахманов дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашып, қозғалатын тақырып жайлы мәлімет берді.

Алматы облыстық медицина мекемелерінде талдауға алынатын қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын бекіту туралы ЖИТС орталығы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері  А.Ахметбеков баяндады.

Бұдан соң преаналитикалық кезең мен ЖИТС-ке қарсы қызмет көрсету зертханаларында тестілеу үшін биоматериал жинаудағы негізгі қателер жайында зертхана бөлімі дәрігері Б.Курманбаев шолу жасады.

Трансфузияға дайындық кезінде медициналық ұйымдарда реципиенттер қанының иммунигематологиялық зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу тәртібін Облыстық қан орталығының зертханашы дәрігері Н.Карабасова кеңінен түсіндірді.  

Дөңгелек үстелге 22 маман қатысты.

барлық жаңалықтар »