ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша тренинг

 

Маусым 16, 2023

15-16 маусымда Астанада Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен (Астана, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары) үкіметтік емес ұйымдардың 18 өкілі үшін АИТВ, ЖЖБИ профилактикасына, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) күтім жасауға және қолдауға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін қаржыландыру алу мәселелері бойынша тренинг өткізілді.

Іс-шара "КАМЕДА" ҚҚ-мен серіктестікте ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың гранты шеңберінде ҮЕҰ әлеуетін арттыруды қамтамасыз ету және халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық іс-шараларды тиімді іске асыру үшін қоғамдастық жүйесін нығайту және АӨА күтім жасау мен қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда ҮЕҰ алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу арқылы АИТВ-инфекциясының індетін болдырмауға айтарлықтай әсер етеді. Профилактикалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және қызметтер спектрін кеңейту ҮЕҰ-ның мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады.

Тренингтің міндеттерінің қатарына ҮЕҰ өкілдерін мемлекеттік қаржыландыруды, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікті бөлу тетіктеріне үйретіп, оқыту жатады.

Тренингті Махаббат Еспенова, "КАМЕДА" ҚҚ және Бибісара Бейсенбаева, "Адал-Ниет" ҚҚ өткізді.Тренинг барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікпен, Канвас бизнес-моделімен, бизнес-жоспарлау негіздерімен танысты, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін әлеуметтік кәсіпорынға барып қайтты.

барлық жаңалықтар »