Астанада «Бәйтерек» пен «Ханшатыр» ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды

 

Мамыр 21, 2023

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында елорда әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен 2023 жылғы 21 мамырда кешк3 уақытта «Бәйтерек» монументі мен «Ханшатыр» СОО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды.

Бұл 40 жылға жуық уақыт бұрын ЖИТС індетімен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл лента, бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды.

Сондай - ақ, осы күндері елорданың биік ғимараттарының бірі – «Қазақстан темір жолы» АҚ ғимаратында тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында АИТВ-ның алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді.

ЖИТСтен қайтыс болған адамдарды еске алу күнінің басты шақыруы халықтың назарын АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне аудару, стигманы жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу, антиретровирустық емдеу мен медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейту болып табылады.

барлық жаңалықтар »