Павлодарда АИТВ-ға шұғыл тестілеуді оқыту

 

Наурыз 16, 2023

Павлодардың ЖИТС орталығында медицина қызметкерлеріне АИТВ-ға шұғыл тестілеу бойынша оқыту тренингі өтті. ЖИТС орталығының дәрігер-зертханашысы М. Темірғалина шұғыл тестілеуге қойылатын талаптар туралы материал ұсынды. Дәрігер биоқауіпсіздік дегеніміз - медицина қызметкері мен пациентті инфекцияланудан, қанмен кездейсоқ байланыста болудан немесе зақымданудан қорғау шараларын қабылдау деп атап өтті. Шығын материалдарын сақтау шарттарының сақталуына, төртінші буынның шұғыл-тесттеріне, қызметкерлердің оқытылуына, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, пациенттен ақпараттандырылған келісім алуға сапаны бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Медицина қызметкері жұқтырған материал сияқты байланыста болатын үлгілер мен материалдармен жұмыс істеуі керек екеніне баса назар аударылды.

Орталықтың аға зертханашысы Г. Огаркова саусақтан қан алу процедурасын көрсетті. Әріптестердің назарын шұғыл тест нәтижелерін дұрыс оқуға аударды. Қандай жағдайда талдау оң, қайсысы - теріс, қайсысы - жарамсыз деп саналатын алгоритмді тренингке қатысушылар шұғыл – тестті қолданудың практикалық мысалында көрді.

барлық жаңалықтар »