Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
Наурыз 15, 2023
15 наурыз күні Алматыда мемлекеттік ( ҚДИАҒО, ЖИТС өңірлік орталықтары) , халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, ЕҮК мүшелері, негізгі топтардың өкілдері ҚР-дан 2024-2026 жылдарға арналған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қорға арналған гранттық өтінімді талқылады.
Кеңес жұмысына халықаралық консультанттар, ЖҚ сарапшылары Татьяна Дешко және Екатерина Бойко қатысты.
Гранттық өтінім АИТВ-ға қарсы күресте денсаулық сақтау жүйесін нығайту және ұлттық ресурстарды жұмылдыру мақсатында эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін мемлекеттік қаржыландыруға қосымша болып табылады.
Елдің ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарына жетуді негізге ала отырып :
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 87 пайызы өздерінің мәртебесін біледі,
- Олардың 84 пайызы АРТ қабылдайды,
- 87 пайызында вирустық жүктеме төмендейді,
алдағы жылдары алғашқы екі 95-ті орындауға назар аударылады.
Нәтижелерге қол жеткізу үшін мынадай шараларды іске асыру ұсынылады:
- АИТВ-ның алдын алу мен тестілеуге стратегиялық тәсілді күшейту,
- негізгі топтар үшін алдын алудың аралас әдістеріне көзқарасты жақсарту ( байланысқа дейінгі профилактиканы ұсынудың әртүрлі тәсілдерін масштабтау және енгізу),
- әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, медициналық мекемелерде АИТВ-ға тестілеу, өзін-өзі тестілеу, индекстеу бойынша араласу стратегиясын кеңейту,
- бейілділіті күшейту үшін АӨА күтім жасау, қолдау және емдеу қызметтерімен байланысты нығайту,
- АИТВ-ны емдеудің ұлттық хаттамаларын ДДҰ-ның соңғы ұсыныстарына сәйкес келтіру.
Қатысушылар өтінімді толықтыру үшін ұсыныстар енгізді. Олардың ішінде халықтың негізгі топтары үшін сілекей тесттерін сатып алуды ұлғайту, АИТВ-мен ауыратын мигранттарды емдеуді жақсарту, аутрич қызметкерлеріне сараланған төлемді енгізу, ПТАО кабинеттерінің дәрігерлерін оқыту және тағы басқалары. Қатысушылардың пікірінше, осы және басқа да ресурстарды іске асыру болашақ гранттың тиімділігіне көмектеседі.