Көңіл айту

 

Наурыз 14, 2023

ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы Шымкент қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Пакеев Сейтжамал Орынбасарұлының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Сейітжамал Орынбасарұлы 42 жылдан астам өмірін денсаулық сақтау жүйесіне арнаған тәжірибелі маман еді.

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін ол Шымкент облыстық ауруханасында невропатолог дәрігер, содан кейін оңтүстік өңірінің бірқатар медициналық мекемелерінде бас дәрігер болып жұмыс істеді, Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

Біз оны дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеген шынайы кәсіпқой, жанашыр әріптес ретінде еске аламыз.

барлық жаңалықтар »