Гемотрансфузиологтарға арналған семинар

 

Наурыз 2, 2023

2023 жылдың 2 наурызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы наурыздағы №73 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және аудандық ауруханалардың гемотрансфузиолог дәрігерлері мен медбикелері арасында «АИТВ- инфекциясының гемотрансфузиялық жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Бағдарламаға сәйкес шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашты. Семинарда орталықтың эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Т.Шаменов АИТВ инфекциясының Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалы және гемотрансфузияға дейін АИТВ инфекциясына тестілеу бойынша баяндады.

Қан орталығының зертхана меңгерушісі Қ. Исаева медициналық ұйымдарда трансфузияға дайындау кезінде реципиент қанына иммундық гематологиялық зерттеулерді ұйымдастыруға тоқталса, дәрігер-трансфузиолог Д.Есімбек медициналық ұйымдардағы трансфузиялық көмекке аудит жүргізу бойынша сұрақтарға тоқталды.

Қатысушылар тақырып аясында қойған сұрақтарына толық жауап алды. Семинарға 23 адам қатысты.

барлық жаңалықтар »