Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Наурыз 2, 2023
Екінші наурызда Алматыда, БҰҰ ғимаратында ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б.С. Байсеркиннің Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты өкілінің орынбасары - С. Ходжиматов мырзамен, БҰҰДБ Тиімді басқару департаментінің басшысы А. Баймырза ханыммен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында тұрақты даму және 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу үшін өзара ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Халықтың осал топтары үшін әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыру, оның ішінде "Отбасы картасы" шеңберінде кәсіп алу үшін оқыту, үйрету дағдарыс орталықтарын кеңейту, жаңа өңірлерге көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жәрдемдесуге дайын болу мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара ынтымақтастық үшін Шекті келісімге қол қою туралы шешім қабылданды.