Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 23, 2023
2023 жылғы 23 ақпанда БҚО ЖИТС ОО мамандары БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың медициналық ұйымдары директорларының орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, инфекционист дәрігерлер үшін облыстық семинар өткізді.
Семинарда облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат ұсынылды, МҰ-дағы эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға зертханалық зерттеудің есептік нысанын талдау қорытындысы шығарылды.
ЖИТС ОО алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Э.Хафизова авариялық жағдайларды талдаумен және науқаспен байланыстан кейінгі профилактикамен таныстырды.
Емдеу-алдын алу жұмысы және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Ж.Нурушева диспансеризация және асқынған жағдайларды талдау мәселелеріне тоқталды.
Диагностикалық зертхана меңгерушісі М.Душманова АИТВ-инфекциясының бар-жоғына жедел тестілеуге қатысты мәселелерді (әдістеме, ықтимал бұзушылықтар, жабдықтар, сапаны бақылау және т.б.) егжей-тегжейлі талдады.
ЖИТС ОО мамандары семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, қорытындылар шығарылып, бірлескен жұмыс қорытындыланды. Іс-шараға 32 медициналық ұйым қамтылды.