Шеберлік-сынып

 

Ақпан 23, 2023

ҚР ҚДИАҒО клиникасының меңгерушісі, ҚР бойынша буллезді эпидермолиздің (БЭ) үйлестірушісі Таубаева Айнұр Абимуллаевна БЭ кезінде және балалардағы туа біткен қол ақаулары кезінде жедел араласулар жүргізу бойынша шеберлік сыныбының спикері болды.

Мастер-класс 23 ақпанда "Ақсай" университеттік клиникасында өтті.

Ұйымдастырушылар: 

- Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, балалар хирургиясы кафедрасы,

- ҚДИАҒО,

- Орфандық аурулары бар науқастарға көмек көрсету қауымдастығы,

- "Kobelek Balalar" қайырымдылық қоры.

Спикерлер қатарында Г. И. Турнер атындағы балалар травматологиясы және ортопедия ҒМО ғылыми қызметкерлері де бар (Ресей):

Заварухин Владимир Иванович және Кулешов Олег Владимирович. Сондай-ақ, Харамов Исамдун Каудунович - м.ғ. к., ҚазҰМУ  "Ақсай" университеттік клиникасының балалар ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі.

Шеберлік-сынып тыңдаушылары мен қатысушылары : ортопед-травматологтар, анестезиологтар реаниматологтар, дерматовенерологтар.

А. Таубаева елдегі көбелек балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы ақпаратпен бөлісті.

барлық жаңалықтар »