Қазақстанда алғаш рет көбелек балаларға ота жасалды

 

Ақпан 23, 2023

Қазақстанда, Алматы қаласында алғаш рет 23 ақпанда буллезді эпидермолиздің дистрофиялық түрі бар екі балаға синдактилияны жою бойынша бірегей операция (біріккен қолдың саусақтарын ажырату) жасалды.

ТМККК шеңберінде "С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ университеттік клиникасында отандық хирург И.К. Харамов - балалар ортопедиялық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар ортопед - дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты операцияны жасады. Операцияға Н.И. Пирогова атындағы Санкт-Петербург қаласының Жоғары медициналық технологиялар клиникасынан шақырылған мамандары қатысты. Олардың келу сапарын "Көбелек балалар" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Кішкентай пациенттер – Алматы облысының ауылдарынан келген 6 және 10 жастағы балалар, туғаннан бастап қол контрактурасының дамуымен буллезді эпидермолизбен ауырады (алақанның сіңір тінінің тыртықты дегенерациясымен сипатталатын ауру). Балалар ұзақ уақыт бойы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығында (ҚДИАҒО) емделіп, бақыланды. ҚДИАҒО дәрігерлері оларды операцияға толығымен дайындады.

Бұл операцияның бірегейлігі - буллезді эпидермолиз диагнозының ерекшеліктерінде.  Бұл сирек кездесетін генетикалық ауру. Ол тіпті жеңіл жарақаттармен (үйкеліс, қысым, қатты тамақ немесе тіпті өздігінен) теріде және шырышты қабаттарда көпіршіктер пайда болуымен сипатталады. Бұл балаларды көбелектер деп атайтыны бекер емес. Сондықтан тек бірегей мамандандырылған жоғары технологиялық таңу құралдары мен арнайы пластикалық шиналарды қолдану қажет болды. Тағы бір бірегейлігі – наркозды беруінде болды, өйткені ауыз қуысының шырышты қабығында көпіршіктердің пайда болуына байланысты олар жоғарғы тыныс жолдарының қабырғаларында пайда болуы мүмкін. Операция кәсіби түрде, жоғары деңгейде жасалады, қазір балалар өздерін жақсы сезінуде. Алда-кезең-кезеңмен оңалту жұмыстары бар.

Бүгінгі таңда елде буллезді эпидермолиз диагнозы қойылған 100-ден астам пациент бар, олардың 12-сі дистрофиялық формамен контрактураға ие. Бұған дейін науқастар ем-шара  алу үшін шетелге барып жүретін еді. Ал енді Қазақстанда жедел көмек алу мүмкіндігі бар.

барлық жаңалықтар »