Ғылыми-практикалық семинар

 

Ақпан 17, 2023

17 ақпанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу күні аясында ҚДИАҒО ғылыми-практикалық семинарында венерологияның өзекті мәселелерін дәрігерлер, ғалымдар, резиденттер талқылады.

Қатысушылар ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде күн сайын миллионнан астам ЖЖБИ инфекциясы тіркелетінін атап өтті. Олар инфекцияның адамдардың өзіне тікелей әсер етуінен басқа, науқастың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Сондай ақ, ЖЖБИ жамбас, ішкі ағзалардың қабыну ауруларының, жүктілік пен бедеуліктің ауыр нәтижелерінің, баланың өлі туылуының, жаңа туған нәрестенің өлімінің, шала туылудың және туа біткен ақаулардың негізгі себептері болуы да мүмкін екендігін атап өтті.

Соңғы жылдары ҚР-дағы ЖЖБИ бойынша жағдай тұрақты төмендеу үрдісіне ие. Бүгін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР Кодексіне сәйкес дерматовенерологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының жобасын бекіту процесі жүріп жатыр. Құжат МСАК деңгейінде, амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейде дерматологиялық аурулары және ЖЖБИ бар пациенттерге дерматовенерологиялық және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын анықтайды.

Қазіргі әлемде және Қазақстанда венерологиядағы диагностика мәселелерінің жай-күйімен қатысушыларды Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының президенті, профессор М. Рысұлы таныстырды. А.Аринова - дерматовенеролог-подолог, дерматокосметолог, ҚДИАҒО жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің оқытушысы және Ә. Мұратова - 2-ші жылдың резиденті ҚДИАҒО клиникалық тәжірибеде ЖЖБИ дифференциалды диагностикасы туралы айтты. "ЖЖБИ-дегі шырышты қабықтың зақымдануы" атты презентациясымен А.Идрисова – дерматовенеролог, дерматокосметолог, ҚДИАҒО жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің оқытушысы және Г. Сармырза - ҚДИАҒО-ның 2-ші оқу жылының резиденті сөз сөйледі.

Семинардағы ғылыми пікірталастардың басты бағыты - гонореялық емес инфекциялар, трихомониаз, бактериялық вагиноз, жыныс герпесі, аралас ЖЖБИ болды.

барлық жаңалықтар »