1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

 

Қараша 25, 2022

Пневмоцистік пневмония туралы алғашқы ғылыми есеп жарияланғаннан кейін 40 жылдан астам уақыт өтті, ол кейіннен АИТВ инфекциясының соңғы сатысы - иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) ретінде белгілі болды.

АИТВ және ЖИТС диагнозы қазір жиырма жыл бұрынғыға қарағанда әртүрлі мағынаға ие. Осы күнге дейін көптеген жанама әсерлері бар бірнеше дәрі қабылдаған адамдардан - күніне бір таблеткаға дейін қабылдап, жақсы төзімділік танытып және вирусты толығымен басатын дәрі-дәрмектердің жиынтығы дейінгі қаншама жетістіктер орын алды.

Қазақстанда ДДҰ/ЮНЭЙДС соңғы халықаралық ұсынымдарын ескере отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мінез-құлық, биомедициналық және конструктивтік стратегиялардың үйлесуі есебінен АИТВ-инфекциясының алдын алу жоспарында жетістіктерге қол жеткізуге барынша бағытталған кешенді тәсілді іске асыруда. Зерттелген індет жағдайында дәлелді медицина аясында адам құқықтарын сақтау және расталған ақпарат негізге алынады

ҚР-дағы мінез-құлық араласулары мінез-құлық сипатын өзгертуге бағытталған ақпараттық жұмыс шеңберінде жүргізіледі. ЖЖБИ немесе АИТВ жұқтыру қаупін азайту үшін адамдар өздерінің қауіп-қатер деңгейін түсініп, осы қауіпті азайту үшін қажетті білім, дағдылар мен ақпараттарға ие болуы керек. Мінез-құлықтық араласуларға әртүрлі байланыс арналарын қолданатын бірқатар байланыс бағдарламалары кіреді: бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер. Жыл сайын 1 желтоқсанда барлық өңірлерде кең ауқымды акциялар, халық, оынң ішінде жастар арасында, жұмыс орындарында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қоғамдастық деңгейінде жұмыс негізінен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі, олардың ішінде ҚР-да 30-дан астамы бар. «Тең – тең» қағидатын қолдана отырып, тұлғааралық коммуникацияларды ҚР әр өңірінде 480 аутрич қызметкерлер жүргізеді. Мектептерде, орыс және қазақ тілдеріндегі биология оқулықтарында 8 және 10 сыныптар үшін «Иммунитет. Иммунитеттің түрлері. ЖИТС. Алдын алу» сияқты қосымша сабақтар, сынып сағаттары да өткізіледі.

Бірақ әлемге әйгілі Mayo клиникасының дәрігері Dr. Stacey Rizza-ның АИТВ-ға қатысты: «Егер жер бетіндегі АИТВ жұқтырған адамның барлығы диагностикадан өтсе, күтім мен тиімді, пайдалы емді үнемі қабылдаса, сонда АИТВ бұл планетадан бір ұрпақта жойылып кетер еді. Біз мұны осы шаралар арқылы жасай алатынымызды жақсы білеміз» деген тұжырымы негізді болып қала бермек. 

Жаннат Мусина,

дәрігер-эпидемиолог, ҚР ДСМ ҚДИАҒО аурулардың профилактикасы бөлімінің меңгерушісі

барлық жаңалықтар »