Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған баспасөз конференциясы өтті

 

Қараша 22, 2022

2022 жылғы 21 қарашада Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде "Теңдік уақыты" ұранымен, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Ұран кездейсоқ таңдалмағанын айта кету керек. Осылайша, соңғы екі жылда COVID-19 пандемиясына және басқа да жаһандық дағдарыстарға байланысты АИТВ-ға қарсы күрестегі прогресс баяулады, ресурстар көлемі қысқарды, бұл бүкіл әлем бойынша әрбір адам үшін АИТВ-инфекциясын тестілеу, алдын алу және емдеу қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасының төмендеуіне әкелді, деп хабарлайды ЮНЭЙДС.

ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының медицина қызметкерлері хабарлағандай, Ақмола облысында ағымдағы жылдың қараша айының басында 952 адам АИТВ-ның оң мәртебесімен өмір сүреді, оның 91,5% - ы мемлекет тегін қамтамасыз ететін, антиретровирустық терапияны алады.

Соңғы үш жылда біздің облыста АИТВ-ға тестілеу саны 94 690-нан 109 047-ге дейін өсті. 2022 жылдың он айында жүргізілген тестілеуден вирус 96 адамда анықталды. Инфекцияның негізгі берілу жолы – жыныстық немесе 68,8% гетеросексуалдық және 5,2% гомо-бисексуалдық, есірткіні инъекциялық тұтыну арқылы 18,7% және 7,3% жағдайда берілу жолы белгіленбеген.

Орталықтың бас дәрігері- Курманбек Бурмагановтың айтуынша: "Ақмола облысында әр адамның АИТВ-инфекциясын тестілеуге, алдын алуға және емдеуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша, әсіресе инфекция қаупі жоғары қауымдастықтармен үлкен жұмыс жүргізілуде. Мәселен, соңғы үш жылда халықты және негізгі топтарды зерттеумен қамту 13 пайызға артты. ХНТ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға кеңірек қол жеткізу үшін жұмыстың жаңа түрлері енгізілуде, мысалы, өз жемісін беріп жатқан web-аутрич. Біздің пациенттердің 90% - дан астамы антиретровирустық терапия алады".

Сондай-ақ, орталықтың медицина қызметкерлері алдын алу бағдарламаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықтың негізгі топтарында АИТВ жұқтыру қаупін азайту үшін біздің облыста 1 100-ден астам адам жүгінген "Зиянды азайту" бағдарламасы жұмыс істеп жатқанын, оның 92 пайызы АИТВ-ға тестілеуді қоса алғанда, түрлі тексерулерден өткенін айтты. Бұдан басқа, халық арасында 2000-нан астам адамды қамтитын қоғамдық орындарда 15-тен астам акция өткізіліп, оның 1444-і өздерінің АИТВ мәртебесін жедел әдіспен таныды.

Естеріңізге сала кетейік, науқан бірінші желтоқсанда "Көкшетау" мәдениет сарайында кең ауқымды жастар акциясымен аяқталады, онда: АИТВ мәртебесі ашық өмір сүретін алғашқы жасөспірімдердің бірі Аида Муравьева, АИТВ туралы пайдалы ақпаратпен жүргізетін нөмірлері бар жергілікті шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ әрбір тілек білдіруші МС-ның холлында АИТВ-ға жедел тестілеуден өте алады.

 

барлық жаңалықтар »