Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Қараша 18, 2022
18 қарашада Алматыда ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың қолдауымен ЖИТС орталықтарының достық кабинеттерінің дәрігерлеріне клиенттерді жеке есепке алу дерекқорымен (БДИУК) жұмыс істеу бойынша тренинг болып өтті.
"Қазақстан Республикасында халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қызметтің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету" Жаһандық Қорының грантын іске асыру шеңберінде халықтың негізгі топтары үшін, оның ішінде достық кабинеттер үшін БДИУК пысықтау жүргізілді. База қызметтермен, оның ішінде байланысқа дейінгі профилактикамен қамтылған ХНТ санын анықтауға мүмкіндік береді. Тренингке 24 дәрігер қатысты.
Іс-шара барысында жаттықтырушы С. Қасымбекова БДИ УК интерфейсін көрсетіп, дәрігерлерді ақпараттандырылған келісім бланкілерімен жұмыс істеуге, модульдерді жүргізуге үйретті:
- "Клиенттер журналы",
- "Елеулі тәуекелге скрининг және БДП үшін сәйкестік",
- "Апатты жағдайларды тіркеу журналы",
- "Дерматовенеролог/ гинекологтың тексеруі",
- "Амбулаториялық сапарларды есепке алу журналы",
- "Есептер".
Тренинг базаның осы функционалдық мүмкіндіктерінің жұмысын жақсарту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды талқылаумен аяқталды.