Павлодарлықтарға - жарақатсыз жұмыс туралы

 

Қырқұйек 26, 2022

Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөнінде орталығы ұжымында 23 қыркүйекте еңбекті қорғау нұсқаулықтарын сақтау бойынша семинар өтті. Облыстық ЖИТС орталығының маманы

Г.Турдинова қызметкерлерге жарақатсыз және апатсыз жұмыс істеу міндетін түсіндірді.

Медицинада өндірістік қаупін басқаруда қызметкерлер санитарлық киімді, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды, жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, қауіпті заттарды пайдаланғанда бақылау, нұсқаулықтар жүргізу, сондай-ақ білімдерін тексеру маңызды орын алады.

Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері А.Асылханова қызметкерлердің еңбек және денсаулық жағдайы медицина қызметкері қызметінің нәтижесіне қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Өндірістік жарақаттың алдын алуда жұмыс беруші мен жұмыскердің күш-жігерін біріктіру арқылы табысқа қол жеткізуге болатындығы туралы ЖИТС орталығының кәсіподақ комитеті төрайымы Қ.Оспанова  есептейді.

барлық жаңалықтар »