Био-мінез-құлықтық зерттеу деректерін талдау бойынша тренинг

 

Қырқұйек 16, 2022

14-16 қыркүйекте ҚДИАҒО UNAIDS және ICAP серіктесе отырып, ЖИТС өңірлік орталықтарының қызметкерлеріне инъекциялық есірткіні тұтынатын (ИЕТ) адамдар арасында био-мінез-құлық зерттеулерінің деректерін талдау бойынша RDS Analyst компьютерлік бағдарламасында тренинг ұйымдастырды.

Қатысушылар ноутбуктермен келіп, тренерлердің ұсыныстарына сүйене отырып, үш күн бойы дағдыларын жетілдірді.

Олар RDS әдіснамасын, RDS іріктеу кезінде деректерді жинау ерекшеліктерін зерттеді.

Талдау үшін дерекқорды импорттау қалай жүреді, жинақтау процесінде RDS қалай қолданылады, RDS-тің жетекші функциялары қандай? Жиналғандар осы және басқа да сұрақтарға толық жауап алды.

Тренингте көптеген практикалық жаттығулар болды, бұл олардың алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Енді өңірлік ЖИТС орталықтарының мамандары үлгіні қалай алуға, айнымалылар деректерді қайта кодтауға, кестелерді толтыруға болатындығын жақсы білетін болады.

барлық жаңалықтар »